Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды | arainews.kz

Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды

84

Таразда ЖД-158/5 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Бұл темір тордың ар жағында отырғандарды иммундаудың екінші кезеңі.

Індеттің тезірек жойылып, қалыпты қалпына қайта оралуды қалайтын жазалы жандар мекемеде сақтық шаралары қатаң ескерілетінін атап өтті.

— Әрине, екпені алуға өзім шешім қабылдадым. Өйткені, бәрімізге мәлім әлемнің бәрі осы індетке қарсы шаралар қабылдап жатыр. Сақтансаң, сақтайды! Өз басым денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауға өз еркіммен келдім, — дейді жазасын өтеушінің бірі.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.