Мекеме басшылығы медициналық бөлім қызметкерлерін құттықтады | arainews.kz

Мекеме басшылығы медициналық бөлім қызметкерлерін құттықтады

15 730

Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Жұрт бұл күні ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Өйткені, олардың денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбегі ұшан теңіз. Әсіресе, осы саланың барлық сатысында мейірбикелер еңбегі айрықша көрініп тұрады.

Бұл қатардан Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы да тыс қалмады. Абзал жандар күніне орай мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов және мекеме бастығының сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жалпы сұрақ жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Бақытжан Қасымбеков мекеме медициналық бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өз сөзінде Ерлан Ділдәбекұлы: «Сіздер атқарып отырған жұмыс — қайырымдылық, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер медициналық ақ халат киген әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады. Сіздер үшін көмекке мұқтаж адамдарға шынайы қызмет ету – өмір сүру салтына айналды. Сол себепті мерекелеріңіз құтты болсын, — деді.

Сонымен қатар, әлемді үрей құшағында ұстаған COVID-19 пандемиясы кезінде көрсеткен қайсарлықтары мен мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілердің денсаулығын сақтауда танытқан табандылықтары үшін алғысын айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.