«Пікірсайыс жаттықтырушысы» | arainews.kz

«Пікірсайыс жаттықтырушысы»

97

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы шеңберінде «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйыдастыруымен «Жамбыл облысы аумағында пікірсайыс ойындарын қолдауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы жобасы аясында Тараз қаласы және облыс аудандарында пікірсайысты дамытуға арналған семинарлар ұйымдастырылып, өткізілді.

2022 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында Тараз қаласы және барлық аудандарында пікірсайыс жетекшілеріне арналған семинарлар ұйымдастырылды. Семинарларда жалпы орта мектептердегі мұғалімдерге пікірсайыс саласындағы тәжірибелі пікірсайысшылар семинар жүргізді. Семинарларды жүргізуге тренер Сағат Джаналиев, Асхат Олжабаев және «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Фариза Амантаева семинарларды жүргізді. Семинарлар барысында мұғалімдерге түсінікті болу үшін Тараз қаласында мастер-класс көрсетілім ойынын өткізілді.

Облыс аудандарында мастер-класс көрсетілім ойынының видео көрсетілімдері жүргізілді. Семинарға қатысушылар теолиялық білімнен бөлем практикалық ақпаратқа ие бола алды.

Облыс бойынша 10 ауданда және Тараз қаласында өткізілген семинарларға 500-ден аса қатысушы қатысып, қысқа мерзімді оқыту курсын аяқтағаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталып,  «Пікірсайыс жаттықтырушысы» біліктілігі берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.