Аудандық штабтың алғашқы отырысы өтті | arainews.kz

Аудандық штабтың алғашқы отырысы өтті

20 477

«AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұратбек Бұралқыұлы Есмұрзаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін партияның аудандық штабының алғашқы отырысын өткізді. Жиын барысында М.Есмұрзаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия аудандық филиалы жанынан аудандық штаб құрылғанын, олардың құрамына «AMANAT» партиясы аудандық филиалы активтері кіргізілгенін яғни аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт, денсаулық саласы, жастар қанаты атсалысатынын жеткізді. Сонымен қатар, штаб мүшелері аудан тұрғындарына және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, кездесуде референдумға қатысу – барлығымызға ортақ борыш! Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмауға және тарихи таңдау жасауға шақыру керектігін жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.