Талас ауданында вакцинация қарқынды жүргізілуде | arainews.kz

Талас ауданында вакцинация қарқынды жүргізілуде

572

Томағасы сыпырулы тозаңдай вирустан төніп тұрған қауіп әлі де сейілмей тұр. Берекелі күнге қайта оралу үшін қоғам болып ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды болып тұр. Осыған орай Талас ауданында екпе егу жұмыстары бір сәт бәсеңдеген жоқ. Аудан бойынша жалпы халық санының ішінен 18-65 жас аралығындағылар 21721 адамды құраса, бүгінгі таңда осы азаматтар қатарынан 3450 азаматқа екпе салынды. Вакцина алушылардың тізімінде мұғалімдер, құқық қорғаушылар, мемлекеттік қызметкерлер, «Шолақтау» ТКӨК және «TalasInvestmentCompany» ЖШС, «Сарытас» ЖШС, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мамандары мен қызметкерлері бар. Сонымен қатар, жылжымалы екпе егу пункттері барлық ауылдық округтерді қамтып, жалпы саны 1850 адамға вакцина салып үлгерді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.