Түзету мекемесінде ұлыстың ұлы күні тойланды | arainews.kz

Түзету мекемесінде ұлыстың ұлы күні тойланды

124

Күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасын балқытатын әз Наурыз мейрамын еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін асыға күтеді. Соның жарқын дәлелі ұлыстың ұлы күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жазасын өтеушілер аударыспақ, арқан тартыс, 100 метрге жүгіру, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы, теннис сынды спорт түрлерінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев I,II,III орын алған сотталған азаматтарға алғыс жариялады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.