Бірлік пен бейбітшілік мерекесін атап өтті | arainews.kz

Бірлік пен бейбітшілік мерекесін атап өтті

48

Жыл сайын Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл 130-дан астам ұлт өкілі тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін қажетті достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

Мекемеде жазасын өтеп жатқандардың арасында қазақтар, әжербайжандар, орыстар, шешендер, өзбектер, қырғыздар және басқа да көптеген ұлттар кіреді. Әрқайсысының ұлтына қарамастан олардың барлығы бір тату халық.

1 мамыр қарсаңында мекемеде жазасын өтеушілер арасында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында сотталғандар бірлік пен татулықтың белгісі ретінде бір-бірімен құшақтасып, ізгі тілектерін, ыстық ықыластарын арнады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.