Тараз қаласының тұрғыны кафенің шатырында атыс қаруын сақтаған | arainews.kz

Тараз қаласының тұрғыны кафенің шатырында атыс қаруын сақтаған

98

2022 жылғы 18 ақпанда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының бұрын сотты болған 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ер адам бұрын өзі жұмыс істеген кафенің шатырында атыс қаруын сақтағанын айтқан.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 3 бірлік «АКСУ-74» автоматын тауып, тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәркіленген қаруға қатысты сараптама тағайындалды.

Бүгінгі таңда ұрланған атыс қаруының 237 бірлігі, сондай-ақ 67 граната мен 10 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.