ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сарысуда жұмыс сапарымен болды | arainews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сарысуда жұмыс сапарымен болды

265

Бүгін Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлдара Нұрымова мен Назиля Раззак бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.

Іссапар барысында депутаттар Жаңатас қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының материалдық-техникалық базасымен танысты.

1976 жылы қолданысқа берілген мектеп, 2014 жылы толық күрделі жөндеуден өткен. Мектеп директоры Нұрбибі Қамбарбаеваның айтуынша, қазіргі таңда мектепте 1436 оқушы білім алуда. Аталмыш мектеп түлектері республикалық пәндік олимпиадаларда топ жарып, ҰБТ бойынша соңғы үш жылда жоғарғы нәтиже көрсетуде.

Халық қалаулылары аудандық орталық аурухананың жұмыс тәртібін көзбен көріп, жергілікті дәрігерлермен кездесті. Осы саланың жай-жапсарын жақсы түсінетін Гүлдара Алданышқызы медицина саласының мамандарына бірқатар сұрақ қойып, туындаған мәселелердің шешімін айтты.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ауданға жасаған жұмыс сапарын қоғамдық қбаылдаудан бастаған болатын.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.