«Парасаттағы» пайымды пікірлер | arainews.kz

«Парасаттағы» пайымды пікірлер

190

Тараз «Парасат» колледжінің ұжымы Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауын талқылады. Шараға облыстық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлер кеңесінің, қалалық мәслихат депутаттары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.     

Басқосуда алған болып сөз алған аталған оқу орны директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Дина Күзембаева келер жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заңның әзірленіп, қабылдануы қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға зор қадам болатынын жеткізді.

–Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мұғалімдерге жақсы жағдайлар жасалған. Педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа форматы енгізіліп, «Педагог-шебер», «Зерттеуші педагог», «Сарапшы педагог», «Модератор-педагог» санатына ие болған  мұғалімдердің жалақысына 30-50 пайызға дейін үстемақы қосылса, жаңартылған білім беру мазмұны енгізілген сыныптарда жұмыс атқаратын пән мұғалімдерінің жалақылары да өсіп отыр.

Ал, Елбасының Жолдауындағы «Педагог мәртебесі» туралы заң туралы жағымды жаңалық барлық білім білім беру саласында жұмыс істеп жүрген  қызметкерлерді  ерекше бір серпілтіп, өз мамандықтарына деген қызығушылықтары мен жауапкершіліктерін арттыра түсті десем ешбір қателеспеген болар едім., – деді Дина Молдаханқызы.

Сондай-ақ, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Амина Қайназарова Елбасының кезекті Жолдауында қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелер қамтылғанын айтты.  Ал, облыстық кәсіпкерлер палатасының жас кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Айнұр Заурбекова басты  құжаттың  мемлекетіміздің жарқын болашағы – жастар үшін ерекше маңызға ие болып отырғанын сөз етті.  Сонымен бірге жиында  Елбасымыздың келер жылды «Жастар жылы» деп жарияланғандығы жөнінде пайымды пікірлер ортаға салынды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.