Санадағы серпіліс | arainews.kz

Санадағы серпіліс

978

Алмас МҰХТАРОВ, өлкетанушы

Елбасының күні кеше жариялаған танымдық дүниесі өзі айтқандай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы іспеттес.
Бізді қоршаған дүние, сағатпен өлшенген уақыт – әрқилы оқиғаның барометрі. Уақыт пен қоршаған орта бір жүйеге келгенде, жеке тұлғаның, одан қалды елдің тарихы басталады. Бұл жай ғана формула болуы мүмкін. Бірақ, сан қырлы мәдениетімізбен, даму жолындағы эволюциялық өткелден өтіп келе жатқан адамзат тарихы сатылап өрлеу үстінде.
Біздің пайымда бұл – тарихқа деген оң көзқарас, дұрыс бағыттағы ұстаным. Осы арқылы түпкі қияндағы терең тамырымызды білуге, көнені зерттеуге, түйіні күрмелген мәселелерді шешуге жол ашады.
Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды.
Өркениеттің даму үрдісі ежелгі замандардан жүйелі қалыптасу үстінде. Түрлі дүниені игеру, құндылықтарды көркем көрсету, рухани байлықты айшықтау, түрлі символдарды пайдалана отырып, темірді игеру біз үшін сирек құндылықтың бірі болды. Ілімнің дамуы арқасында қол еңбегі жанданып, дала өркениетін зерттеуге бағыт алды. Айқын дәлелі – «Алтын адам» асқан көркемдікпен әлемге танылды. Бұл мекеннен табылған құтты құндылық қазақ өркениетінің, мәдениетінің озық үлгісін көрсетіп берді.
Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сананың орнықпасы белгілі. Ал, тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан.
Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп білеміз. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрбірімізге қастерлі міндет.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.