БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ КІЛТІ- БІЛІМДЕ

17

Еліміз  дамудың жаңа өнеркәсіптік деп аталатын кезеңіне қарай қадам басты. Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы осы жолдағы міндеттерді қайта екшеп, саралаудың айқын бағдарын ұсынды.

Жаңа тұрпатты қоғамда бәсекеге төтеп беріп, заман ағымына бейімделу қабілетіне ие тұлғаны даярлауда педагогикалық ұжымдарға зор сенім жүгі артылған. Жарты ғасырлық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы Жолдау жүктеген міндеттің үдесінен шығу бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Әрине, ұстаз ұлттың, ұрпақтың тәрбиешісі.  Сондықтан педагог мамандарды  даярлау ісінде сапаға қатысты талаптардың күшейтілуіне өз тарапымыздан қолдау білдіреміз.  Мұнан бөлек, Елбасының салада саннан сапаға көшуде маман даярлау ісіне шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу,  Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру туралы ұсыныстары өзінің заманауилығымен құнды.

Сәт сайын қарыштап дамыған қазіргі кезеңде  еңбек нарығында ақпараттық технологияны терең меңгерген мамандарға сұраныс жоғары. Демек, маман даярлаушы құрылымдарға өз миссиясын мүлтіксіз орындауда шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажет. Сонда ғана маман даярлау жүйесі керексіз реформалардан арылып, түпкі мақсаты сапаны жоғарылатуды көздейтін стандарттар қабылданады.  Жоғары және арнаулы оқу орындарында дәріс оқуға білікті кадрлар тартылады.

         Нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі халықаралық стандарттар деңгейінде маман даярлау қабілетіне ие болмақ.

 

Патима МАХАШОВА,  Тараз мемлекеттік

педагогикалық  университетінің

«Психология және акмеология» 

кафедрасының аға  оқытушысы.

 

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.