МӘМС жүйесінде әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады | arainews.kz

МӘМС жүйесінде әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады

170

Ал 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және басқа да еңбек түрлерімен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу үшін жарна төлей бастайды. Жарна мөлшері азаматтың мәртебесіне байланысты болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, қазіргі таңда МӘМС үшін аударымдарды жұмыс берушілер өздерінің жұмысшылары үшін ай сайын 1,5% мөлшерінде төлейді. Ал 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және басқа да еңбек түрлерімен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу үшін жарна төлей бастайды. Жарна мөлшері азаматтың мәртебесіне байланысты болады.

Әрбір азамат МӘМС жүйесінің қатысушысы бола отыра, жүйе аясында медициналық қызмет алу үшін өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтауы тиіс. Мәртебесі анықталмаған тұлғалар үшін МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер қолжетімсіз болады.

Әлеуметтік мәртебені анықтаудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, егер азамат бейресми жұмыс істейтін болса, онда ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасауы керек. Екіншіден, егер азамат табыс әкелетін қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын болса, онда салық органдарында тіркелуі тиіс. Егер азаматтың табыс көзі болмай, жұмыссыз болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Орталықта азаматты жұмысқа орналастыру және кәсіби қайта даярлау бойынша қолдау көрсетіледі. Жұмыссыз мәртебесін алған азаматтар жеңілдігі бар санатқа жатқызылады. Олар медициналық сақтандыруды мемлекет тарапынан алуға құқылы.

МӘМС шеңберінде әлеуметтік мәртебені анықтау egov.kz порталында да қолжетімді. Ол үшін «Тексеру сервистері» бөлімінен «Әлеуметтік мәртебесін тексеру» қызметін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ды теріп, өтініш жібересіз. Бұл ретте жауап қолма-қол қайтарылады. Қызметті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталға тіркелген жағдайда алуға болады.

Айта кетерлігі, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.