Атырау облысында несие алу үшін алаяқтыққа барған кәсіпкер сотталды | arainews.kz

Атырау облысында несие алу үшін алаяқтыққа барған кәсіпкер сотталды

164

Атырау облысында несие алу үшін алаяқтыққа барған шаруа қожалығының басшысы 5 жылға сотталды.

«Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалығының жетекшісі жайылымды суландыру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым жүргіземін деп 6,5 млн теңге несие алған. Қаржы қолына тигеннен кейін алынған сомаға құдық қаздым деп мәлімет береді. Алайда, экономикалық тергеулер қызметі жүргізген тексеру кезінде сотталушының жалған ақпар бергені анықталды. Құдықты шын мәнінде аудан тұрғындары өз күшімен қазған, аталмыш кәсіпкердің ол құдыққа ешқандай қатысы жоқ болып шықты», — деп хабарлады Атырау облыстық МКД баспасөз қызметі.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жеткен.

«Құрманғазы аудандық сотының үкімімен алаяқ ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленбейді, белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салынбайды. Дегенмен, ҚК 63-бабымен жаза шартты түрде тағайындалды», — деп нақтылады Атырау обылстық МКД баспасөз қызметі.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.