Заңды бұзған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін | arainews.kz

Заңды бұзған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

199

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да, тәртіпке бас игісі келмейтіндердің саны азаймай тұр.

Жуырда ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеушімен кездесуге келген тараздық тұрғынның жеке заттарынан тыйым салынған бұйымдар табылды. Аталған мекеменің бақылау өткізу пункттінің қызметкерлері әділет кіші сержанты Гүлжәмила Қашқымбаева, қатардағы Сәдуақас Тоқсанбай тараздық А.С.есімді азаматшаның заттарын тексеру барысында онда тыйым салынған заттардың бар екенін анықтады. Атап айтқанда, 35 жастағы азаматшаның заттарының арасында ұялы телефонды қуаттағыш құралмен қоса, 4 флэш карта болған. Осыған байланысты А.С. есімді азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481 бабына сәйкес жазалау мақсатында іс сотқа жолданбақ.

Айта кетейік, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтарға бұған дейін тыйым салынған заттарды жасырын түрде ішкі аумаққа өткізу іс-әрекеттері орын алса, олар ҚР ӘҚБК баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстары бірнеше рет жүргізілген болатын.

Ғани ДОСЫБАЕВ,
ЖД-158/4 мекемесі режим бөлімі бастығының м.а., әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.