Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті | arainews.kz

Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті

215

Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Алтын қол» мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараны «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырды.

Мәдени шараға «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдары, Саяси кеңесінің Бюро мүшелері, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, мәслихат депутаттары, кадрлық резервистер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шеберлер туындыларының жәрмеңкесін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев ашты. Өз сөзінде Балабек Жанбекұлы партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуді басты жұмыстарының бірі ретінде белгілегенін айтты.

Жәрмеңкеге мүмкіндігі шектеулі шеберлердің қолынан шыққан тоқылған көйлек, орамал, шұлық, оюлы қамзолдар мен бас киімдер секілді сан алуан бұйымдар қойылды. Сондай-ақ, моншақтан жасалған ыдыс, гүл, құмыралар да келушілердің көз жауын алып тұрды. Сатып алушылардың ерекше ықыласына киізден жасалған бұйымдар мен құрақ көрпешелер аударды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.