Мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту – басты мақсат | arainews.kz

Мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту – басты мақсат

348

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан айындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» деген болатын.Сондықтан да, бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту ісінің түпкі мәйегі қалыптасатын негізгі орын.

Мектепке дейінгі ұйымның қазіргі заманғы мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі — білім беру үдерісін тиімді басқаруға ғана емес, кәсіптік қызметтің проблемаларын шешу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін әмбебап және кәсіби дағдылар жиынтығы. Бұл, әрине, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жақсартуға, педагогикалық қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Білім – кез келген ұлттың болашағына салынған басты  инвестиция. Жолдау барысында Президент ойлау негіздерінің, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың сонау бала кезден қалыптасатындығын айрықша атап өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары Жуалы ауданының №1 мектеп-гимназиясында Президент Н.А.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырды. Жиынға №1 мектеп-гимназиясының,  Қонаев атындағы №19, Гагарин атындағы №1 Байзақ ауданы мектептерінің ұжымы қатысты. Блумның таксономиялық жүйесінің когнитивті деңгейіне негізделген ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру барысында санаттық ұстанымның дидактикалық шектеулері қарастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар Елбасының Жолдауын талқылап қана қоймай, тәжірибеге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын алды. Бұл нақты тәжірибелік істер бағдарламасы, сөзсіз барлық қазақстандықтарға қатысты, және ең біріншіден зиялылар бөлігінің алдыңғы қатары – бізге, оқытушыларға қатысты. Елбасы тапсырмасына орай жаңа технологияны меңгерген педагог өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады. Оқытушыларды екінші басымдық «Тұрмыс сапасын арттыру» — білім берудің сапасы мен қолжетімділігі, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелері ерекше қызықтырды. Ұлт Көшбасшысының жолдауы біз үшін және ел үшін жаһандық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын айқындады. Сондықтан да біз Президентіміздің алдағы жылдарға еліміздің дамуының дұрыс бағытын анықтап бергеніне сенімдіміз.

К. Каркабаева, А. Елеусіз, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.