Қазақстанда сабын мен кір жуатын ұнтақ қымбаттады | arainews.kz

Қазақстанда сабын мен кір жуатын ұнтақ қымбаттады

168

Қазақстанда сабын мен кір жуатын ұнтақ қымбаттаған.

Сарапшылардың мәліметінше, қыркүйек айында кір жуатын ұнтақтың бағасы жарты келі үшін 427 теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7%-ға қымбат. Ал иіс сабын бір жылда 8,8%-ға қымбаттаған. Осылайша, иіс сабын бір жылда 211 теңгеге дейін, ал кір сабын 8%-ға — 120 теңгеге жеткен.

Сондай-ақ, зерттеуге қарағанда, елімізде сабын өндірісі 7 айда бірден 68,3%-ға қымбаттаған.
Тіс жуатын паста бағасы  8,3 пайызға, орташа есеппен 469 теңгеге  қымбаттаған. Ал, сусабын 6,2%-ға — 392 теңгеге көтерілді.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.