Кемел келешекті көксеген мақала | arainews.kz

Кемел келешекті көксеген мақала

297

Оңласын ЕСІРКЕПОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тек жастарымызға ғана емес, бәрімізге керек дүние. Өйткені, оның алдындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен үндес, сабақтас жазылған бұл еңбекте де ұлттық тарихымызға, болмыс-бітімімізге қатысты көп дүние қамтылған.
Мемлекет басшысы ең алдымен халқымыздың жылқы жануарын алғаш қолға үйретіп, атқа міну мәдениетінің өзіміздің Ұлы далада қалыптасқанын дәріптейді. Мұндай әлемдік ауқымда дәлелденген тарихи шындықты бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді. Білмейтіні, баяғыдай жаппай атқа мініп, оның құлағында ойнайтын заман емес қой қазір. Дегенмен, арғы тарихта кім болғанымызды, бабаларымыздың қандай батыр да, дана халық болғанын айту әрқайсысымыздың, әсіресе аға буынның парызы.
Жалпы, мақаладан ұққаным, онда біздің жастар сусындар көп мағлұмат, бағыт-бағдар жатыр. Жас талды қалай исең, солай өсетіні сияқты, бұл мақаланы соңымыздан келе жатқан жас буынға ақсақалдар институты, мемлекеттік жүйенің нені үйретіп, нені санасына сіңіру керектігін көрсетіп берген нағыз жол картасы дер едім.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.