Жолдаудың басым бағыттары жүйелі жүзеге асуда | arainews.kz

Жолдаудың басым бағыттары жүйелі жүзеге асуда

236

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында облыс әкімі Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының Жаңа Жолдауында алға қойылған басымдыққа ие бағыттардың жүзеге асырылуы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жөнінде айтып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жоспарлы жұмыс – жетістік кепілі

Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылу үстінде. Ал агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан бері 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылған.
Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Сапалы терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындар санын арттыруға қатысты жұмыстар да жүйелі қолға алынған. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылатын болады. Бұдан бөлек, құны 21,6 миллиард теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама қолдау тауып отыр.
Балабақшалар мен мектептерде тәрбие мен білім беру сапасын көтеру бойынша да тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» оқыту әдісі мен жүйесі 40 орта мектепке бірыңғай стандарт ретінде енгізілген. Өткен жылы облыста 45 мектеп жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытыла бастады.
Биыл педагогтерді ұлттық біліктілік сынағынан өткізу нәтижесінде, 1 қыркүйектен бастап, облыстың 2 мыңнан астам мұғалімінің жалақысына 30-дан 50 пайызға дейін қосымша үстемақы төленуде. Бұдан бөлек, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65 пайыз) мұғалімнің жалақысы 30 пайызға көбейтіліп отыр.
Жолдауға сәйкес медициналық қызмет сапасын және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін облыста 95 алғашқы-медициналық көмек нысанын салу қажет. Бұл ретте жыл соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 31, бюджеттік қаржыландыру есебінен 9 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Ал келер жылы 68 нысан салынбақ.
Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 гектар жер телімінде жаңа екі шағын ауданның құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, биыл 800 пәтерлі 10, 2019 жылы 1 380 пәтерлі 25 үй пайдалануға тапсырылатын болады.
Сондай-ақ облыста 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында өңірдегі өнеркәсіп саласында 285,5 миллиард, ал ауыл шаруашылығы саласы бойынша 189,5 миллиард теңгенің өнімдері өндірілген. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 286,7 миллион АҚШ долларын, бөлшек-сауда айналымының көлемі 194,9 миллиард теңгені құраған. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 168,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,4 пайызға ұлғайып отыр. Бюджетке 62,1 миллиард теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түскен.
Елбасы Жолдауын жамбылдықтар үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Алты басымдықты іске асыру бойынша облыста тиісті жұмыстар басталып кетті.
Бірінші басымдық – халық табысының өсуіне қатысты, келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр.
Бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар («Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрістік компания» ЖШС, «Металл құрастырмалар және резервуарлар зауыты» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ) бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтермек. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға жоспарланған 1,2 млрд. теңге кемінде 2 есеге ұлғайтылғалы жатыр.
Биыл шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,0 млрд. теңге бөлініп, жалпы сома 6,3 млрд. теңгеге жетті. Келесі жылы бұл қаржының көлемін 7,5-8,0 млрд. теңгеге дейін көтеруді жоспарлануда.
Өңірімізде «қолма-қол ақшасыз экономикаға» көшудің қадамдарын байқауға болады. Соңғы 5 жылда пластикалық карточка ұстаушылар саны 2 есе артты. Бүгінде 3,5 мың терминал жұмыс істеп, 1 мыңнан астам сауда (4,8%) орнында кассалық операциялар электронды түрде жүзеге асырылуда (барлығы 22574 сауда орны).
Жолдаудың міндетін орындау үшін келесі жылға нақты индикаторлар айқындалуда.
Шикізаттық емес секторда 2 жоба іске қосылды, жыл соңына дейін тағы 5 жоба жүзеге асады.
Жобалардың ішінде экспортқа бағытталған аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады. (2018 жылдың 9 айында 24,4 млрд. теңгеге 125,1 мың тонна өнім өндірілген, 8 айдағы экспорт көлемі – 1,2 мың тонна 117,7 млн. теңге).
– «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.
Бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 %-ға артып отыр. (75,1 млрд. тг.).
Ал инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жекеменшік капиталының 30 %-ға (68,8 млрд. теңгеден 92,2 млрд. теңгеге өсуі) өсуімен байланысты.
Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда.
– «Қазфосфат» ЖШС аммофос көлемін ұлғайту, (2-кезең);
– Тараз қаласында «KISC» ЖШС құю өндірісін жаңғырту;
– Мойынқұм ауданында «Ақсу сүйек» байыту фабрикасын («Ер-Тай» ЖШС) қорғасын-мырыш кендерін қайта өңдеу мен флотациялық-гравитациялық байыту фабрикасына жаңғырту және қайта жаңарту;
– Жуалы ауданында битум өндіру зауытының құрылысы («ШакпакДорСервис» ЖШС);
– Меркі ауданында «Са Ба ЛТД» ЖШС мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту;
– Талас ауданында қуаты 4,5 мВт «Wind Electriсity» ЖШС Қаратау ЖЭС құрылысы;
– Талас ауданында қуаты 4,5 мВт «Wind Power city» ЖШС Қаратау ЖЭС құрылысы;
– Жуалы ауданында «Қаралма» тау-шаңғы базасы;
– Қордай ауданда «Greenwill» ЖШС аквапоникалық көп деңгейлі фермасының құрылысы;
– Тараз қаласында «Джанабекова С.С.» ЖК кондитерлік фабрикасының құрылысы (2-кезең);
– Шу ауданындағы «KazirAgro» ЖШС – сафлор майы зауытын кеңейту;
– «Agrostan Feedlot» ЖШС 3000 басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысы;
– «Жаңа Кемел кұрылыс» ЖШС көкөніс базасының құрылысы.
Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды (оның ішінде 1,3 мың тонна қозы еті, 0,6 мың тонна – сиыр еті). Бұл өткен жылдың көлемінен 3 есеге артық.
Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруымыз керек. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады.
Бұдан бөлек, құны 22,6 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.
Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды. Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады.
Осы орайда заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құру қолға алынды. Бастамасына биыл 200 млн. теңге бөлінді.
Сервистік секторларды дамытуды айтатын болсақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 500-ге жуық шақырымы облыстың 6 ауданының үстінен өтеді. Тәулігіне 8 мыңнан аса көлік өтіп жатыр.
Сервистік қызмет сапасын арттыру үшін тиісті талдау жүргізіліп, қосымша жұмыс көлемі анықталды. Ендігі жерде кәсіпкерлерді тарта отырып, бұл жұмысты атқару міндеті тұр.

Адами капиталды дамытуға айрықша көңіл бөлінуде

Мектептер мен балабақшаларда тәрбие және білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қырық орта мектепте «Назарбаев зияткерлік мектебі» оқыту жүйесі енгізілді. Егер облыста өткен жылы жаратылыс ғылымдары бойынша бірқатар пәндер ағылшын тілінде жүргізілсе, үстіміздегі оқу жылында 277 мектеп химия, биология, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыта бастады. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың барлық мектептерінде 1-сыныптан 8-сыныпқа дейін өзін-өзі бақылау және оқушылардың әрекетіне бақылау беру жүйесі енгізілді. Қалған сыныптар бұл жүйені келесі жылы енгізеді. Ағымдағы оқу жылы үш ауысымдағы, үш апатты жағдайдағы және үш оқушы орындары тапшы мектептердің мәселесі шешілді.
Облыста енді 1 үш ауысымдық және 4 апаттық мектеп қалды (Байзақ ауданындағы Ақшолақ стансасындағы 120 орындық орта мектеп). Олардың мәселесі соғылып жатқан 5 мектептің есебінен шешіледі. Әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша үш жылдық «Жол картасы» талданып жасалды, оның ішінде мектептер бар. Оған білім саласындағы 48 басымдық нысандардың құрылысы енгізілді. Жобалық-сметалық құжаттардың уақыт талабына сай және тиімді талдап жасалуына ерекше көңіл бөлінеді. Бюджет қаржысын тиімді пайдалану бойынша арнайы облыстық регламент бекітілді. Талдап жасалған 133 жоба регламентке сәйкес қаралып, 10 миллиард теңге үнемделді. Мәселен, Жуалы ауданындағы 80 орындық мектептің 624 миллион теңгеге бағаланған жобалық-сметалық құны оңтайландыру нәтижесінде 289 миллион теңге болды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы білім мекемелерінің 90 пайызына бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл мәселе келесі жылы толық шешіледі. 1 қыркүйектен бастап тестілеуден өткен 2 мыңнан астам мұғалімнің айлық-жалақыларына 30-50 пайыз аралығында қосымша өтемақы төленеді. Бұған қоса, жаңа мазмұнмен оқытатын 16 мың мұғалімнің айлық-жалақысы 30 пайызға өседі.
Жолдаудың тағы бір міндеті – білікті мамандарды даярлау. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдануда. Үстіміздегі жылы колледждерде мемлекеттік тапсырыстарды орналастырудың арнайы ережесі талданып жасалды (5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді (2017-2018 оқу жылдарында – 4993, яғни 31 орынға көп) оның 3324-і – жұмысшы мамандықтары).
Енді жұмыс берушілердің колледждермен және әкімдермен арасында үшжақты келісімшарт жасалады. Бұрын келісімшарттар екіжақты болатын. Келісімшарт, біріншіден, егер жұмысқа орналасушы қойылатын талаптарға жауап беретін болса, жұмыс берушіні айлық-жалақы төлеуге міндеттейді. Екіншіден, студент келісімшарт талабының бұзылуына жол беретін болса, онда алған жалақысын мемлекетке қайтаруға міндеттеледі. Үшіншіден, мұның өзі жұмысқа орналастыруға тапсырыс берген аудан әкімдерінің жауапкершілігін арттырады.
Жолдауға сәйкес, жергілікті жерлерде медициналық қызмет көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 96 алғашқы медициналық көмек нысандарын салу қажет. Үстіміздегі жылдың бюджетінде бұрынғы жылдардағыдай 9 нысан салу көзделген болатын. Біз мұндай жағдайда мәселені 9 жылда шешеді екенбіз. Оны 2-3 жылдың көлемінде шешу үшін үстіміздегі жылы тағы 29 нысанның құрылысын жүргізудеміз. Олар таяуда пайдалануға берілетін болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 31 нысанды іске қосу көзделуде. Ал 2019 жылы 68 нысанның құрылысы жүргізіледі. Алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлердің айлық-жалақысын өсіру мақсатында 20 емханаға арнайы бағдарлама енгізіліп, ол бойынша 180 маман оқу курсынан өтті.
Келешекте жаңа технология бойынша 670 дәрігер және 1560 мейірбике оқытылады. Олардың жалақысы біртіндеп 20 пайызға ұлғайтылады. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1 дәрігерге 1696 адам кеңес алу және емделу үшін тіркелген (республикалық көрсеткіш бойынша 1 дәрігерге – 1700). Ағымдағы жылы 1 дәрігердің жалпы жүктемесін азайту мақсатында 30 дәрігерлік мекеме ашылды. Мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы бойынша жоспарлы көрсеткіш 1672-ге жеткізіледі. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі 121 алғашқы медициналық құжаттардың 85-і электронды нұсқаға көшірілді. Жыл аяғына дейін бұл мәселе толық шешімін табады. Облыста 11 медициналық мекемеге «Е-Kezek» электронды кезегін енгізу үшін жергілікті бюджеттен 73 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы жыл аяғына дейін толық игеріледі.
Бүгінде 43 денсаулық сақтау мекемесіндегі 8686 медициналық қызметкер ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Ақпараттық жүйеде 732 946 электронды денсаулық паспорты енгізілді. «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесіне тұрғындардың 65,9 пайызы тіркелді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін 100 пайызды құрайтын болады.
Бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру мақсатында алдағы үш жылда 30 спорт кешенінің құрылысын жүргізу көзделуде. Бүгінде облыс тұрғындарының дене шынықтырумен жүйелі айналысуына 1605 қолжетімді спорт нысаны берілген, оның 517-сі Тараз қаласында, 1088-і аудандарда. 2019 жылы облыс тұрғындары үшін мектептердің спорт залдарын қолжетімді ету көзделуде. 2019 жылы жалпы құны 4 миллиард теңге 11 құрылыстың жобасын жасау жоспарлануда, оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждер құрылысы бар. 2020 жылы жалпы құны 2,9 миллиард теңгенің дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіледі. 2021 жылы жалпы құны 1040,0 миллион теңгенің құрылысы қолға алынады. Бұған қоса тұрғын үй аулалары мен саябақтарда 29 спорттық алаңның құрылысы жүргізіледі.

Баспана – бақыт шамы

Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда.
Таразда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек ауданның құрылысы басталды. Биыл көппәтерлі 10 үй (800 пәтер), 2019 жылы 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады. Жалпы, бүгінде Тараз қаласында 686 пәтер «7-20-25» бағдарламасы аясында азаматтарға ұсыну үшін дайын.
Облыста бір пәтерге ең жоғары заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн. теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды (10 млн. 71 мың теңге, 7 млн. 51 мың теңге).
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44648 салымшыдан 10 млрд. теңге жиналды.
Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артты. (2861 адам немесе барлық салымшылардың 6,4%-ы).
Жалпы, 10 айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 5,7 млрд. теңгені құрайтын 768 несие берілді. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн. теңгеге 34 өтініш қолдау тапты (Центркредит банкі). Оның ішінде, 29 азаматқа 247 млн. теңге несие берілді, оның 7-еуін Тараз қаласынан «Бином» ЖШС алған. Келесі жылға 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр (өсім 8%-ды құрайды, болжамды көрсеткіш). Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің (20 кредиттік үй – 1 380 пәтер, 78 050 м2, 8 арендалық үй – 585 пәтер, 36 319 м2) және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар. Соның ішінде, 20 үйді (1380 пәтер) «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр.
Биыл 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн. теңге бөлінді.

Өмір сапасын жақсарту – өркениет өлшемі

Ішкі авто жолдарды жақсарту үшін 50/50 жүйесі бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қосымша 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сол сияқты, осы жүйе бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 4 ауданда (Меркі, Шу, Жамбыл, Байзақ) 14 жоба іске асырылуда. Бұған 500 шақырым автожолдар мен көшелер салынды, күрделі, орташа жөндеуден өтті.
Жыл соңында қанағаттанарлық жергілікті жолдардың үлесін 80%-ға жеткізуді межелеп отырмыз.
Келесі маңызды мәселенің бірі – иесіз қалған электр желілері мен қондырғылар болатын. Енді бұл да шешімін тауып отыр. Ол үшін «Таразтрансэнерго» коммуналдық мекемесінің теңгеріміне алынып, бұл мекемеге қосымша электр қуатын тасымалдау қызметі берілді. Бұл шешім бұдан бөлек тарифті оңтайландыруға да өз септігін тигізетін болады.
Газға қатысты айтсақ, бүгінгі күнге 377 елді мекеннің 181-і немесе 48 пайызы газдандырылған (806 070 адам). Осы елді мекендердің ішінде тұрғындардың 11 пайызы немесе 88 мың адам газ торабына қосылмаған, себебі көшеден үйге кіргізу құны қымбат – 150 мың теңге.
Бұл мәселені шешу үшін «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия әперіліп, жұмыстың құнын 83 мың теңгеге дейін төмендеттік. Ендігі жерде жыл соңына дейін 53 мың тұрғын газдандырылады. Қалып отырған 35 мың тұрғынды қамтамасыз ету үшін ЖҚ әзірленуде. Ал газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін құжаттар дайындалып, Энергетика министрлігіне тиісті бюджеттік өтінім берілді.
Ауызсуға келсек, қала тұрғындарын орталық­тандырылған сумен қамту көрсеткішін жылдың қорытындысымен 88%-ға жеткізу көзделуде. Ол үшін Тараз қаласында бірқатар жобалар іске асырылуда.
Қаратау қаласында көп қабатты тұрғын үйлер және 56 әлеуметтік нысанға су кестемен берілуде. Жыл аяғына дейін суды тәулігімен беру жоспарланып отыр. Тараз қаласында «Тараз су» мемлекеттік кәсіпорнында автоматтандырылған жүйе іске қосылды.
Ал, ауылдық елді мекендерді айтатын болсақ, 373 елді мекеннің 189-ы (50,7%) орталықтандырылған, 184-і (49,3%) орталықтандырылмаған ауызсумен қамтылған.
Тасымалданатын 3 ауыл Мойынқұм ауданында орналасқан (Ақсүйек, Ақбақай, Бурылбайтал).
Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдың 50-інде барлығы 7 мың адам тұрады. Тұрғындар аз болғандықтан жаңа су құбырын салу экономикалық жағынан тиімсіз. Бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешу көзделуде.
Қалған 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауызсумен қамту жоспарланып отыр.
Бұл жерде де газ сияқты, ауызсу құбыры бола тұра, 50 мың халық сол құбырға қосылмай отыр. Себебі, тарифтің қымбат болуында. Ендігі жерде бұл мәселені республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігін ескеріп, құжаттар әзірленуде.
Бұдан бөлек, тарифті көтермеу мақсатында, жалпы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін облыста «бірыңғай оператор» құрылуда.
Жолдауда көтерілген тағы бір мәселе – экологиялық ахуалды жақсарту. Осы орайда облыс үшін бірден-бір күрделі мәселе – Тараз қаласының сарқын суларын тазартатын кешен соғу. Техникалық-экономикалық негіздемесіне биыл 35 млн. теңге бөлінді.

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Жолдауда құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екендігі де көрсетілді.
Бұл ретте, ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында департаменттің 300-ге жуық қызметкері (214 бірлік жергілікті бюджеттен, 84 бірлік республикалық бюджеттен қаржыландырылатын) қысқартылып, үнемделген қаржы (460,6 млн. теңге – (РБ-158 млн. тг, ЖБ – 257 млн. тг, трансферттер – 45,6 млн.тг.) жалақыны көбейтуге және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге жіберілетін болады.
Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысын 2-2,5 есеге дейін өсіру жоспарлануда.
Ол үшін облыста әкімшілік шығындарды қысқарту, бөлімдерді біріктіру арқылы басшылық құрамды азайту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелерді оңтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде облыста 2842 мемлекеттік қызметшінің жалақысы өседі. Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу нәтижесінде, осы мақсатқа 3,1 млрд. теңге қайта бағытталады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында келер жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кемінде 80 пайызы электронды түрде ұсынылуы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан 197 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 89 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 94 қызмет электронды форматта көрсетілуде.
Бүгінгі күні лицензиялаудың барлық түрлері, рұқсат беру және хабарлама құжаттары «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілуде.
Әлеуметтік және білім саласындағы қызметтер электронды түрде көрсетілуде (отбасы және бала құқықтары саласындағы қызметтер (қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеге беру, балабақшаға кезекке қою «е-әкімдік» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі). Денсаулық сақтау саласындағы 3 қызмет «e-gov» порталы арқылы көрсетілуде: «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу», «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақыру».

Жаңғыру жолы

Алтыншы басымдықта әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысу қажеттілігі айтылды. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы баршамызға қатысты екенін тұрғындар жақсы біледі.
Өткен жылдан бері меценаттар есебінен жалпы құны 963 млн. теңгеге 48 әлеуметтік нысан (оның ішінде 3 балабақша, 16 спорт нысаны, 3 медициналық пункт, 1 интернат) пайдалануға берілсе, қалған 25 жоба инфраструктураны жаңғыртуға бағытталды.
Бүгінгі күнге 257 мектепте «Руханият», 25 колледжде «Зерде» рухани орталықтары мен кабинеттер, 27 мектепте «Виртуалды мектеп мұражайы» ашылды (алдағы уақытта тағы 58 мектепте ашылмақ).
1) Меркі-Жайсаң түркі ғұрыптық кешені;
2) Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.);
3) «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.);
4) «Тектұрмас» кешені (ХІV ғ.);
5) «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.);
6) «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);
7) «Бабажы Хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);
8) «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі.
Жамбыл облысы экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде туризм саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. «Ішкі және кіру туризмін дамытудың аймақтық Картасы» әзірленді. Соған сәйкес туристік нысандар мен субъектілерге кешенді түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрылысы жоспарланып, басталды.

«Жастар жылының» жемісі мол болмақ

Жолдауда Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны жастарға тың серпін беретін болды. Бүгінде өңірде 240 мыңнан астам жас бар. (Бұл – облыс халқының 21%-ы).
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі есепті мерзімде 2,4%-ды құрады.
Жұмыссыз, оқымайтын санаттағы жастардың үлесі былтырғы 15,7%-дан 9,2%-ға дейін кеміді. Өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша межелік көрсеткіштер белгіленді. 9 айдың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. 14 мыңға жуық жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз еңбекпен қамтыған жастардың және оқу орнын аяқтаған түлектердің дерекқоры жасақталды.

Жалпы облыс экономикасын алсақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9 айдың қорытындысымен 105,4%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласындағы өсім – 5,1%, ауыл шаруа­шы­лы­ғында – 4,2%, құрылыста – 6,6%-ды, құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4%-ға өсті.
Инфляция (2017 жылғы желтоқсан-2018 жылғы қыркүйек) 3,0%-ды құрады (ҚР – 3,3%), бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 1,2 пайызға төмен.
Бюджет кірісі 102,6%-ға орындалды (188 млрд. теңге), оның ішінде өзіндік кірістер 13%-ға артты (42,3 млрд. теңгеге).
Жолдаудың маңыздылығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен сала белсенділері Жолдаудың жүзеге асырылуына белсенді атсалысатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.