Жеке кәсіпкерлермен өткен іскерлік кездесу | arainews.kz

Жеке кәсіпкерлермен өткен іскерлік кездесу

160

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесіндегі сотталғандарды азаматтардың «екі қолына, бір күрек» тауып беру мақсатында кәсіпкерлерді көптеп тарту жұмыстары жүйелі жалғасын табуда. Мекеме бастығы әділет полковнигі Олег Геннадьевич Родякиннің және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Айгүл Кубееваның қатысуымен бірқатар кәсіпкерлердің басын қосып кездесу өтті. Кездесуде осы уақытта толық белгіленген жұмыс уақыты нормасын аяқтаған және еңбек нормаларын орындаған сотталғандарға жалақыны уақтылы төлеу,жеке кәсіпкерлердің іс қағаздарын жүргізу, құжаттарын жүргізу,  ережелерін сақтау туралы, өндірістік алаңдағы қосымша ғимараттарды қызметтік тергеу шешімімен таныстыру және мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің өндірістік алаңында жылу энергиясын тұтынуды есептеу заңдылығы туралы мәселелерді қарады.

Түзеу мекемесіндегі жазалы жандарды ақылы жұмыспен қамту –олардың түзелу жолына түсуіне зор ықпал етіп қана қоймай, жазасын өтеушілердің өз жалақысы есебінен мемлекетке немесе жеке тұлғалар алдындағы қарызын қайтаруға мүмкіндік береді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.