Жазаларды орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды | arainews.kz

Жазаларды орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

163

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастамасымен департамент базасында әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің төрағалығымен сот органдары мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында жазаларды орындау кезінде туындайтын бірқатар мәселелер талқыға түсті. Атап айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босату шараларын қолдану, жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыру, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға жазаларды ауыстыру, жазаларды ауыстыру кезінде қамауға алу, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары талқыланды. Айта кетейік. аталған дөңгелек үстел шешімінің қорытындысы ерекше бақылауға алынады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.