Жамбылда 56 лауазымды тұлғаға қатысты жемқорлық үшін қылмыстық іс қозғалған

Мемлекеттік органдардың арасында сыбайлас жемқорлық сипатында жасалынған қылмыстар үшін атқарушы органдардың лауазымды адамдарына қатысты қозғалған 56 қылмыстық іс болған (2018 – 41). Осылайша, мемлекетік органдардың арасында жергілікті атқарушы органдар көш бастап келеді. Салалар бойынша атап өтетін болсақ: жер қатынастары – 4 (2018 – 7), білім – 22 (2018 – 6), денсаулық сақтау – 5 (2018 – 3), әлеуметтік – 5 (2018 – 6), ауыл шаруашылық – 9 (2018 – 7), құрылыс – 6 (2018 – 9), энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 2 (2018 – 4), мәдениет және спорт – 3 (2018 – 2).
Одан кейін, екінші орында ішкі істер органдардың қызметкерлері, оларға қатысты 29 қылмыстық іс болған (2018 – 16).

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.