Жамбыл облысының жастарына баспанаға жеңілдетілген несие беріледі | arainews.kz

Жамбыл облысының жастарына баспанаға жеңілдетілген несие беріледі

313
    Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында аймақтағы жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріле бастайды. Алайда оның өзіндік талаптары болады.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің  төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты сараланды.
 Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беру жобасы ағымдағы жылдың шілде айында іске аса бастайды деп жоспарлануда. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды.
 Аталған жоба аясында жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 13 млн теңгеге дейін. Несие беру уақыты — 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме — 5%, бастапқы жарна — 5%.
— Бағдарламаның мақсаты жақсы. Бізге керек жоба. Дегенмен, кей тетіктерін қайта қарау керек. Ертең жастар немесе қатысуға ниеттілердің арасында түсініспестік туындамас үшін, жан-жақты саралап, шешім қабылдауға тиіспіз. Түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды барынша жүргізу маңызды,-деген аймақ басшысы жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.