Жамбыл облысындағы энергетикалық мекемелердің 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы маусымдарды өткеру барысының талдауы | arainews.kz

Жамбыл облысындағы энергетикалық мекемелердің 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы маусымдарды өткеру барысының талдауы

152

2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы маусымнан өту барысында облыстағы энергетикалық ұйымдарда технологиялық бұзушылықтардың өсуі  бақылануда. 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы маусымның өтуімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтың саны 35-тен 116-ке өсті.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген, Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 06.01.2021 жылғы № 1 бұйрығымен өзгерістер енгізілгендігіне байланысты технологиялық бұзушылықтың саны артты.

2019-2020 жылдары және 2020-2021 жылдардың жылу беру маусымдарында энергомекемелерде I дәрежелі істен шығу, ауыр зардабымен авариялар тіркелмегендігін айта кету керек.

Дегенмен, «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-де II дәрежелі істен шығу көп тіркелді. 2019-2020 жылдардың жылыту маусымында олардың саны 34 болса, 2020-2021 жылдары жылыту маусымында 113-ті құрады, соның салдарынан электр энергиясының жеткіліксіз берілуі – 53,665 мың кВт сағаттан 140,311мың кВт сағатқа дейін артты. II дәрежелі істен шығудың негізгі себебі – бөгде тұлға және ұйымдардың әсері салдарынан кәбелдік және әуе желілерінің бұзылуы, сонымен қатар ауа райының қолайсыздығы.

«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-ның II дәрежелі істен шығу саны 1-ден 3-ге дейін көбейді.

Аймақтағы энергетикалық ұйымдарда 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымында жазатайым оқиға орын алған жоқ.

«Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ, энергетика объектілерінде жазатайым оқиғаларын болдырмау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, 2020-2021 жылдары аймақтағы энергетикалық ұйымдармен жылу кезеңінің өтуі және жөндеу науқаны бойынша бірқатар селекторлық кеңес өткізілді. Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында болған жазатайым оқиғалардың жартыжылдық талдаулары, аймақтағы энергетикалық ұйымдардың ұжымдарында қызу талқыға түсіп,  себеп салдары әрбір жұмыскерге жеткізіледі.

Е. Нармұратов,

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.