Қабырға газетін дайындаудан байқау өтті | arainews.kz

Қабырға газетін дайындаудан байқау өтті

132

Биыл Кеңес Одағының II дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткеніне 76 жыл толды. 1941-1945 жылдары болған соғысқа 35 миллион адам қатысты. Сұрапыл соғыста 26,6 миллион Кеңес әскері қаза тапты. Қазақстаннан қан майданға 1,8 миллион адам аттанды. Оның 600 мыңы отанына оралған жоқ. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.

Аталардың ерлігін қазақстандықтар ешқашан естен шығармайды.  Жыл сайын тойланатын мереке Жамбылда да жалғасты.

Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде Жеңіс күніне орай мекеменің сотталған азаматтары арасында қабырға газетін дайындаудан конкурс өткізілді.

Конкурсқа көптеген сотталған азаматтар қатысып, Арын Әділ жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орын Владимир Лесникке бұйырып, Арман Мүсілімхан ІІІ орынға лайық деп танылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.