Залалсыздандыру жұмыстары жалғасын табуда | arainews.kz

Залалсыздандыру жұмыстары жалғасын табуда

118

ЖД-158/7 мекемесінде дезинфекциялық жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше қауіпсіздік режимі жағдайындағы түзеу орны COVID19 инфекциясының жолын кесу үшін кешенді шараларды қолға алған. Карантин басталғалы мұндағы мамандар әр кезең сайын әкімшілік ғимарат, абақты ішін, өндірістік нысандар, сондай-ақ, қоймалық орындарын залалсыздандыруда. Індетті ары қарай өршітпей, алдын алу бағытында «Тараз дезинфекция» ЖШС келісімшарт бекітілді. Арнайы маманданған қызметкерлер кіре берістен бастап ғимараттың әр жерін назардан тыс қалдырмайды.

Нысанды дезинфекциялау жұмыстарында қазір арнайы мамандармен қатар мекеме қызметкерлері де жұмылдырылды. Сақтық шаралары қатаң сақталынып, ол үшін арнайы қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.