Тергеудегілер мен сотталғандарды алып жүру мәселесі талқыланды | arainews.kz

Тергеудегілер мен сотталғандарды алып жүру мәселесі талқыланды

142

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде тұтқынға алынған азаматтар мен сотталғандарды сот процестеріне қатысу үшін алып жүру мәселелері бойынша 5513 әскери бөлімімен бірлескен жұмыс кездесуі өтті. Басқосуды ЖД-158/2 мекемесі бастығының режим және жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Нұржан Күзембаев пен 5513 әскери бөілімі 1 атқыштар ротасының командирі Ғалымжан Махимов жүргізді.

Іс-шара барысында тұтқынға алынған азаматтар мен сотталғандардың тыйым салынған заттарды, бұйымдарды сақтау, пайдалану және тұтыну фактілерін болдырмау  мақсатында алып жүру қызметінің сапалы тінту жүргізу мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіру мақсатында тұтқынға алынған азаматтар мен сотталғандар тарапынан құжаттарға қол қоюдан бас тарту, көрнекі бопсалау, арандатушылық әрекеттерге бару және Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындамау секілді төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекеттерге қатысты маңызды мәселе талқыланды.

Шара нәтижесінде қос тарап Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін реттейтін құқықтық актілерге негізделген бірлескен іс-қимыл стратегиясын қабылдады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.