«Түзеу мекемелерінде Рамазан айына діни жоралармен салт-дәстүрді ұстану және теріс ағымдағы сотталғандардың көз-қарасын оңалту» тақырыбында жұмыс кездесу өткізілді | arainews.kz

«Түзеу мекемелерінде Рамазан айына діни жоралармен салт-дәстүрді ұстану және теріс ағымдағы сотталғандардың көз-қарасын оңалту» тақырыбында жұмыс кездесу өткізілді

18

«Түзеу мекемелерінде Рамазан айына діни жоралармен салт-дәстүрді ұстану және теріс ағымдағы сотталғандардың көз-қарасын оңалту» тақырыбында жұмыс кездесу өткізілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі – Нурбаев Еркін Үсенұлының басшылығымен «Түзеу мекемелерінде Рамазан айына діни жоралармен салт-дәстүрді ұстану және теріс ағымдағы сотталғандардың көз-қарасын оңалту» тақырыбында жұмыс кездесу өткізілді.
Жұмыс кездесудің модераторлары Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметік психологиялық жұмысының бас маманы әділет майоры Танашева Айгуль Слямгазиевна және ЖД-158/2 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Ракишев Мейірғали Жамалбекұлы тақырып бойынша дәріс оқып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оған қосымша, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департамент мекемелерінің бастығы орынбасарлары және сотталғандарды теологиялық оңалту жұмыстарына жауапты қызметкерлер қатысып, жәрдем көрсетті. Тақырыпты жан-жақты ашық талқылау мақсатында қонақ болып Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің 3-ші басқармасының бастығы м.а. полковник – Байдилдаев Мадияр Асқарбекұлы, ҰҚК бөлім бастығы майор – Алибай Еркін Алибаевич, ҰҚК басқада қызметкерлер қатысты, сонымен қатар тақырыпты жан-жақты талқылауға Жамбыл облысының әкімдігінің дін істер басқармасы басшысының м.а. – Еркебұлан Ахметұлы Ақбай, осы басқарманың дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы – Джумекеева Кенжекул Сейітханқызы және осы орталықтың бөлім басшысы қатысты. «Түзеу мекемелерінде Рамазан айына діни жоралармен салт-дәстүрді ұстану және теріс ағымдағы сотталғандардың көз-қарасын оңалту» жұмыстарының тиімді жлдарын айтып өткен және осы мәселенің ашылуына үлес қосқан – Жамбыл облысы бойынша «Ақниет ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының» өкілі – Зүнінқожа Зулкарнайн Зүнінқожа қатысты.
Іс-шара нәтижесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті деструктивті діни ағымдағы ұстанатын сотталған азаматтардың арасында «Сотталғандар арасындағы ислам тарихы, Құран оқу және өзіміздің салт дәстүр бойынша» білімін тексеру үшін викторина конкурсын өткізуге, жиынға келіп отырған әр қатысушыларға, өз үлестерін қосып белсенділік танытса деген ұсыныспен жиын аяқталды.

Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында
тәрбие және әлеуметтік психологиялық
жұмыс тобының бас маманы
әділет майоры
Айгуль Танашева

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.