Сотталған азаматтарды бостандыққа дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде | arainews.kz

Сотталған азаматтарды бостандыққа дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде

72

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінің инспектор-психологы босатылуы тиіс азаматтарды қалыпты өмірге бейімдеу бойынша жұмыстар өткізді.

Аталған мекемеде жаза өтеу мерзімі аяқталған сотталған азаматтарды бостандыққа дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, мекеменің инспектор-психологы Бағлан Тұрғынбекова жақын арада еркіндікке шығатын азаматтарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге бейімделу бойынша көмек көрсетті.

– Мұндай шаралар сотталған азаматтың іс-әрекетін, мінезін, көңіл-күйін бақылауға өте қолайлы. Сұхбаттасу барысында сотталған азаматтың түзеу мекемелерінен босатылғаннан кейінгі тұрғылықты мекен-жайындағы отбасылық қарым-қатынастарға бейімделуі мен болашаққа деген көзқарасын анықтап, оның әлеуметтік дағдыларын қайта қалпына келтіру, мінез-құлқын қалыптастыру бойынша психологиялық кеңестер берілді,– дейді Б. Тұрғынбекова.

Сотталғандар  алдағы уақытта жасаған қателігіне жол бермейтінін, қайта қылмысқа бармайтындарын айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.