Шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты | arainews.kz

Шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

61

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде мерзімінен бұрын шартты түрде екі азамат бостандыққа шықты. Оларды мекеме алдында туыстары қарсы алды.

Өз сөзінде бостандыққа шыққан азаматтар мекеме басшылығына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, жазасын өтеу кезінде жасаған қателіктерін толық түсініп, түзелгенін, қоғамға қайта қосылып, ендігі кезекте заң бұзбауға уәде берді.

Сонымен қатар, босап шыққан азаматтар жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасуға жолдама алып, мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Кәмшат Әбдімомынова оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетінін, бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға мамандар қол ұшын созатынын түсіндірді.

Өз кезегінде күтіп алған туыстары бостандыққа шыққан азаматтардың жазасын өтеу кезінде заң алдындағы ағаттығын ұғынуына септік болған мекеме басшылығына алғысын айтып, түзу жолға түсуіне тағы бір мүмкіндік бергендері үшін разылығын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.