ҚАЖ қызметкерлері әріптестерін Жаңа жылмен құттықтады | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері әріптестерін Жаңа жылмен құттықтады

98

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  бағынысты №25 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері мекеме басшылығы мен қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

Жамбыл облысының ҚАЖ департаментіне  бағынысты №25 мекемесінің қызметкерлері атаулы мерекелер мен маңызды шараларды назардан тыс қалдырмай, ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл дәстүр мекеменің ЖД-158/2 деп аталған кезінен бері жалғасуда. ҚАЖ қызметкерлері мұндай шараларды ұйымдастыру арқылы әріптестеріне жаңажылдық көңіл күй сыйлауды мақсат еткен.

Осындай дәстүрдің жалғасы ретінде ұйымдастырылған биылғы шара да барша қызметкерлерге көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шара барысында жедел бөлім қызметкерлері Аяз Ата мен ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұловтың, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жасұлан Құрманалиевтың және мекеме бастығының өзге де орынбасарларының, қызметкерлердің шаңырақтарына барып, мерекелік сыйлықтарын табыстап, жаңажылдық тілектерін айтты. Олар жылы лебізімен сөз сөйлеп, табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жылда жаңа табыстарға, жетістіктерге жетуге тілек білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.