«Шектеусіз мүмкіндіктермен жарқын болашаққа» фестивалі өтті | arainews.kz

«Шектеусіз мүмкіндіктермен жарқын болашаққа» фестивалі өтті

204

«Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалының «Үміт» БПҰ-ның ұйымдастырумен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Шектеусіз мүмкіндіктермен жарқын болашаққа» атты фестивалі өтті.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік жиынға аудандық мәслихат депутаттары М.Миралиев, Д.Маселбеков және Д.Бөлегенов қатысты.

Талабы биік талантты бүлдіршіндердің өнеріне куә болған ел ағалары жиын соңында өнерпаздарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған шараға қатысушы бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтармен дипломдар табыстады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.