Кәсіпкерлік кең етек жайып келеді | arainews.kz

Кәсіпкерлік кең етек жайып келеді

716

Талас ауданында кәсіпкерлік саласы алға басуда. Атап айтқанда, өткен жылдың 8 айында 2211 кәсіпкер тіркелсе, ағымдағы жылдың бұл кезеңінде шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2362 субъектісі тіркелген. Олардың 153 шағын кәсіпорын, 1410 жеке кәсіпкер және 799 шаруа қожалықтары бар.

Ағымдағы жылдың 8 айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 115 миллион 900 мың теңгеге 27 жоба қаржыландырылды. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 15 миллион 300 мың теңгенің кепілдігі берілді. Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының 20 миллион теңге бөлінді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша несие алушылардың тізімі ауылшаруашылық қаржы институттарына 229 миллион теңгенің 52 жобасы жолданды. Жобаларады саламен талдайтын болсақ, өңдеу саласы 23 миллион теңгеге 3 жоба, қызмет көрсету саласы 9 миллион теңгеге 3 жоба, құс шаруашылығы 2 миллион теңге 1 жоба, мал шаруашылығы 195 миллион теңгеге 45 жоба.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.