Сарысудағы бизнес секторында серпін бар | arainews.kz

Сарысудағы бизнес секторында серпін бар

1 408

Сарысу ауданында әлеуметтік және ауыл шарушылығы салаларымен бірге кәсіпкерлікте құлашын кеңге сермеп жатыр. Қазір ауданда 696 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген болса, оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 146 болса, жеке кәсіпкерлердің саны 1 908-ті құрайды. Сондай-ақ ауданда 642 шаруа қожалығы қызмет көрсетеді.

Жалпы Сарысуда белсенді әрекет ететін кәсіпкерлік нысандарының саны жыл санап арта түсуде. Мәселен былтыр аудандағы кәсіпкерлік нысандарының 74,6 пайызы белсенді болса,  белсенділілік үлесі биыл 7 пайызға жақсарып, 81,5 пайызға теңесті. Ауданғы кәсіпкерлік субъектілерінің де санының артуының да бұл көрсеткішке өз әсері бар екені белгілі. Себебі жыл басынан бергі аралықта ауданда 282 кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастаған.

Негізінен аудандағы кәсіпкерлік саласының кең өрістеуінен салаға мемлекет тарапынан лайықты жағдай жасалып отырғаны да өз әсерін тигізіп жатқаны даусыз. Тек биылғы жылдың өзінде ауданда  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен 6 жоба қаржыландырылды. Бұл жобаларға қаралған қаражаттың жалпы көлемі 64 миллион 700 мың теңге. Мұндағы 27 миллион  2 жобаға субсидия тағайындауға жұмсалған. Ал 2 жоба 7 миллион 700 мың теңге көлемінде кепілзатпен қамтылғн.  Сондай-ақ 1 жоба         1,5 млн. теңгеге гранттық қаражатқа қол жеткізген. Байқадам ауылдық округіндегі «Ынтымақ» шаруа қожалығына электр желісін тарту жұмыстарына арнайы қаржы қаралды. Шаруаларды электр жарығымен қамтуы тиіс бұл жобаның құны 28 миллион теңгеге бағланып отыр.

Шағын және орта бизнестің беделін арттыруда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» да мол мүмкіндік беріп жатыр. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы           сарысулық шаруалардың 30 жобасы мақұлданды. Бұл жобаларға қарастырылған қаржы көлемі 104 миллион 900 теңгеге тең. Бағдарлама көмегімен «Саудакент» несие серіктестігі арқылы құны 43 миллион 600 мың теңгені құрайтын 11 жоба расталды. Екінші деңгейлі банктер құны 53 миллион теңге болатын 4 жобаны қаржыландырды.

Сонымен қатары шағын және орта бизнесті өңірлік қаржыландыру бағдарламасы арқылы 1 жобаға 5 миллион теңге несие берілді.

Мұнан бөлек  «КазМикроФинанс» қаржы ұйымы арқылы 2 425 жобаға 1 миллиард 35 миллион теңгеге қарастырылса, «Тараз» микро қаржы ұйымы арқылы 2 жобаға 9 миллион теңгеге бірнеше несие берілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.