Сенбілік жасап, тал екті | arainews.kz

Сенбілік жасап, тал екті

123

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде сенбілік өткізілді. Тазалық шарасын мекеме бастығы, әділет полковнигі Ерлан Оразгелдиев ағаш отырғызу рәсімімен бастап, атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүрдің жалғасын табуына септігін тигізді.

Мекеменің барлық аумағында жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан соң мекеме аумағы айнадай жарқырады. Сенбілікке белсене қатысып, қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін әктеген мекеме қызметкерлері жұмыс орындарын өз үйлеріндей әсемденуіне бір кісідей атсалысты. Бұл сенбілікке барлық қызметкерлер түгел қатысты.

– Біздің мекемені бізге ешкім сырттан келіп, тазалап бермейді. Сондықтан «екі қолға бір күрек» алып, өз жерімізді өзіміз ретке келтіруіміз қажет. Бүгін мекеме аумағын қоқыстан-қалдықтардан тазартсақ, келесіде тал егіп, көгалдандырамыз, – дей келе Ерлан Ділдәбекұлы мекеме аумағын аралап, сенбіліктің өткізілуін қадағалады.

Өз кезегінде қызметкерлер осындай сенбілік жиі өткізілсе, мекеме аумағы одан сайын көркейе түсетіндігіне сенім білдірді.

– Әуел баста жұмыс көп сияқты көрінді. Бірақ бәріміз жұмылып, қолымызға күрек пен сыпырғыш алып іске кіріскенде біраз жұмыс тындырылды. Біз бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз, – деді тазалық шарасы аяғында олар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.