Республика күніне орай шағын футболдан турнир өтті | arainews.kz

Республика күніне орай шағын футболдан турнир өтті

31

Елімізде 25 қазан — Республика күні болып ұлттық мереке мәртебесінде бекітілді. 2009 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жаңғыртты. Биыл екінші жыл қатарынан тойланғалы жатқан мейрамға орай республика көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен өтті.

Атап айтқанда, бүгін департаментке қарасты мекемелер арасында шағын футбол турнирі өтті. Спорттық шараның ашылуына департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев қатысып, жарысты ашып берді.

Ала доп аламанына сала ардагерлерінен, №25, №58, №59, №67 мекемелердің және Пробация қызметінің қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты.

Тартысты турнир нәтижесінде №58 мекеменің құрамасы І орынды жеңіп алды. №25 мекеменің командасы ІІ орынды, №59 мекеменің қызметкерлері ІІІ орынды иеленді.  Ойын жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайымедальдар, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.

— Бізде ҚАЖ қызметкерлері арасында спорттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Бұл жолы Республика күніне орай мекемелер арасында өткізіліп, ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің арасында дене шынықтыру дайындығы, спорттық, жануынгерлік шеберліктерді арттыру, жаппай салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Осы спорттық шараны өткізуге мұрындық болған департамент басшылығына алғыс айтамыз.

Айта кетер жайт, мекемеміздің қызметкері, әділет сержанты Азамат Аденов турнирдің «Сұрмерген» номинациясында үздік деп танылды. Бүгінгі жарыс барысында ол әдемі ойын өрнегін көрсетіп, команданың жүлделі орынға көтерілуіне үлкен еңбек сіңірді, — дейді №25 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.