«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы | arainews.kz

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

62

«Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне 15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылданады.

Конкурстың ұйымдастыру-шылары – аудан, қала әкімдіктері.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншы-лардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 14 маусым.
Толық ақпаратты аудан (қала) әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінен немесе аудан (қала) әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болады.
Анықтама телефондары: 8 (7262) 45-99-90.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.