Қарт майдангерге құрмет көрсетілді | arainews.kz

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

39

«Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғаныңыз үшін Сізге бас иеміз. Еліміздің бүгінгідей бейбіт заманда жеткен барлық жетістіктерінің артында Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз тұр. Біз мұны мәңгі есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз», — деп бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек Ұлы отан соғысының ардагері Шалданбай Шанбаевтың шаңырағына арнайы барып, майдангерді мерекемен құттықтады.

Қанатбек Қайшыбекұлы қазыналы қарияға жанқиярлық ерлігі үшін барша өскелең ұрпақтың атынан азаматтық Алғыс айтып, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Құттықтау хатын тапсырды.
Шалданбай ақсақал мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген облыс басшылығына  ризашылғылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой мен табыс тіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.