Рәміздер күніне арналған шара | arainews.kz

Рәміздер күніне арналған шара

48

Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесінде 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Оған аталған мекеменің басшылығы, сала ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шара қызметкерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына сап түзеп, Әнұранын орындауымен басталды. Бұдан кейін, мекеме бастығы, әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаев жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтаса, сала ардагерлері мерекелік лебізін білдіріп, еліміздің гүлдену жолында жас қызметкерлердің еңбегіне табыс тіледі. Шара соңы салтанатты шерумен аяқталды.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.