Пробация қызметінің инспекторына 5000 теңге көлемінде пара ұсынған азамат ұсталды | arainews.kz

Пробация қызметінің инспекторына 5000 теңге көлемінде пара ұсынған азамат ұсталды

176

Жамбылда пробация қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған 29 жастағы жамбылдық азамат пробация қызметкеріне пара беруге оқталған.

Ол арам ойын жүзеге асыру мақсатында Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы әділет майоры Олжас Бектаевқа тәртіптік жауапкершілікке тартпауын өтініп, пара ретінде 5 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген.

Орын алған оқиғаға байланысты пробация қызметкерінің инспекторы сотталған азаматтың арам ойын басшылыққа хабарлады. Осылайша, департамент қызметкерлері жемқорлық дерегіне нөлдік төзіммен қарайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жамбылда пробация қызметкерлеріне 40 000 және 20 000 теңге көлемінде пара ұсынғандардың құрықталғанын жазған болатынбыз.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.