Подполковник тұрғын үй өтемақысына заңсыз 22,4 млн теңге қаржыны алған | arainews.kz

Подполковник тұрғын үй өтемақысына заңсыз 22,4 млн теңге қаржыны алған

196

Әскери қызметші баспанаға қатысты алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Ақмола гарнизонының әскери соты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істі қарады.

«Подполковник Ж. Тұрғын үй комиссиясына жылжымайтын мүлкінің жоқтығы туралы жалған анықтама ұсынып, 22 432 410 теңге сомасында қызметтік баспананы тегін жекешелендіру құқығының орнына заңсыз ақшалай өтемақы алған. Осылайша, алдау жолымен мемлекетке ірі көлемде залал келтірді», — делінген Ақмола гарнизоны әскери соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соттың үкімімен әскери қызметші кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол соттың үкімімен «подполковник» әскери шенінен айырылып, 22 432 410 теңге сомасында материалдық залал өндірілді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.