Облыстық ІІД қызметкерлері қолға түскен ұрыларға қатысты мәлімет берді | arainews.kz

Облыстық ІІД қызметкерлері қолға түскен ұрыларға қатысты мәлімет берді

250

Облыстық ІІД қызметкерлері қолға түскен барымташыларға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«WhatsApp» мессенджері арқылы ауыл тұрғындарының мал ұрлаған күдіктіні ұстап алғаны туралы бейнематериал тарағаны белгілі. Оқиға 2018 жылғы 14 шілдеде Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында орын алған.
Сол күні аталған дерек бойынша Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлерімен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді» – дейді департамент қызметкерлері.

Тергеу барысында күдікті өзі жұмыс жасаған шаруа қожалығының иесі еңбекақысын төлемегені себепті оның бір бас жылқысын ұрлағаны анықталған. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, бұрынғы жұмыс берушісінен кек алу мақсатында өзінің екі сыбайласын ерте келген азаматтың қылмысын ауыл азаматтары байқап қалған. Нәтижесінде, олар айдап кетіп бара жатқан жылқысын жібере салып, өздері қолға түсіп қалған.

Осылайша, полиция қызметкерлері келгенше ауыл азаматтары қос күдіктіні бейнежазбада көрсетілгендей ұстап отырған. Алайда, жылқының иесі жылқыны ұрлаған өзінің бұрынғы жұмысшысы екенін білген соң, арызын қайтып алған.

«Осыған байланысты, қылмыстық өндіріс Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 35-бабы, 1-бөлімі, 2-тармағына сәйкес тоқтатылатын болады» – дейді полицейлер.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.