Жамбыл облысында тұрғындар мал ұрлаған барымташыны ұстады

55

Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылының тұрғындары түнгі жорыққа шыққан қарақшыны өз күштерімен қолға түсірді.

«Жылқы ұрладым» деп кінәсін мойындап тұрған күдікті Мойынқұм ауданы Құмжота ауылының тұрғыны. Әккі ұры жылқыны Айша бибі ауылынан алып шығып, сыбайластарына жеткізбек болған. Алайда бейтаныс адамнан күдіктенген ауыл азаматтары оны  ұстап алып, ұялы телефонға түсіріпті.  Қазіргі таңда күдікті Жамбыл аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

 24.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.