Мыңаралда «Жастар саябағы» ашылды | arainews.kz

Мыңаралда «Жастар саябағы» ашылды

188

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі аясында Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылында «Жастар саябағы» ел игілігіне берілді. Саябақтың ашылу салтанатына ауылдық округ әкімі Зубаржат Камиева қатысып, жиналған жұртшылыққа ізгі лебізін арнады. Сонымен қатар, ауыл кітапханасында 30 жыл еңбек еткен Сандуғаш Сейсембековаға аудан әкімінің «Құрмет» грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, «Адал жол» марафоны аясында өткен іс-шараға белсене қатысқан ауыл жастары мен оқушыларды марапаттады.

Бұдан кейін сөз алған ауданның Құрметті азаматы Талғат Қашқынбеков пен «Мыңарал» компаниясының директоры Жолдас Бұхарбаев ауыл тұрғындарына мерекелік тілектерін жеткізді.
– Аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа әрқашан зор сеніммен қарайды. Қолымыздан келгенше дұрыс бағыт-бағдар беруден аянбаймыз. Өйткені, жастар – егемен еліміздің ертеңгі сенімді тірегі. Ауылымызда жаңадан ашылып жатқан орынның «Жастар саябағы» аталуында да терең тағылым жатыр, – деді Т.Қашқынбеков.
Балқаш көлінің жағалауында бой көтерген саябаққа «I LOVE MYNARAL» инсталляциясының жазбасы таңбаланған. Мыңарал ауылына деген махаббатты айқындаған аталмыш конструкция суретке түсуге, серуендеуге және көңіл көтеруге өте ыңғайлы орнатылған.
Осылайша, Конституция күні мыңаралдық жастарға теңдессіз тарту жасалды.

Қуат Ембергенов,
Мыңарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.