Мұражайға барып, тың мәліметтермен танысты | arainews.kz

Мұражайға барып, тың мәліметтермен танысты

50

18 мамыр – халықаралық музей күні. Ресми мереке ретінде тіркелген бұл күн өңірлік ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің назарынан тыс қалған жоқ. Айтулы датада ЖД-158/4 мекемесінің қызметкерлері облыстық Полиция департаментіндегі мұражайға арнайы барып, асыл қазынаға толы орданың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Мұнда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа ашылған бұрыштың орны ерекше. Онда полиция капитаны көзі тірісінде тұтынған жеке дүниелері, қызметтік заттары қойылған. Сондай-ақ, бейбіт күннің батырының әр кезеңдегі фоталары да жігіттік шақтағы ағамыздың ғажайып бейнелерін береді. Қызмет барысында түскен суреттері де көркем. Отбасылық фотолар да бір әлем. Ал ұл-қызымен түскен суреттердің өзі өткен күннен сыр шертіп тұр¬ған құнды жәдігерлер деуге болады.

Қорыта айтқанда, бұл күні мекеме қызметкерлері музейден өмірі өнегеге толы адал ұлдың бекзат болмысы мен парасатты танымын терең таныдық дейді.

Әлжан Алтынбек,
ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.