Қазақстандық таеквондошы Олимпиада чемпионын ұтты | arainews.kz

Қазақстандық таеквондошы Олимпиада чемпионын ұтты

245

Қазақстандық Смайыл Дүйсебай Фуджейрода (БАӘ) таеквондодан өтіп жатқан Гран-при жарысының қорытынды кезеңінде жартылай финалға шықты.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, С.Дүйсебай 87 келіге дейін салмақта сәтті өнер көрсетіп, қос бірдей жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық таеквондошы алғашқы айналымда Рио Олимпиадасының чемпионы, Әзербайжан елінің өкілі Радик Исаевтан басым түсті. Содан кейін С.Дүйсебайға әлем чемпионы, германиялық Александр Бачман да қарсы тұра алмады.

Жартылай финалда С.Дүйсебай оңтүстіккореялық, Азия чемпионы Ке До Инмен кездеседі.

Еске сала кетейік, Смайыл Дүйсебай — Гран-при жарысының финалдық кезеңіне Қазақстаннан қатысып жатқан жалғыз спортшы.

Финалдық дода жеңімпазына 80 ұпай беріледі. Бұл — әлем чемпионатынан кейінгі екінші ірі рейтингілік турнир.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында 24-25 қараша күндері аралас командалық әлем кубогына қатысады.

 inform.kz 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.