Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Golden Spin of Zagreb турнирінде бақ сынайды | arainews.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Golden Spin of Zagreb турнирінде бақ сынайды

2 629

  4-9 желтоқсан аралығында Хорватия астанасы Загребте мәнерлеп сырғанаудан Golden Spin of Zagreb халықаралық турнирі өтеді.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған сынға Құралай Узурова баптайтын қазақстандық мәнерлеп сырғанау шеберлері де қатысады.

Атап айтсақ, Қазақстаннан шыққан тұңғыш спорттық жұп Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов, Айза Имамбек, Алана Тоқтарова, Рахат Бралин және Никита Манько ел намысын қорғайды.

«Таллиндегі турнирден соң дереу Загребке аттанамыз. Спортшыларымыз жаңа бағдарламасын жанкүйерге паш етіп қана қоймай, төрешілерден жақсы ұпай алуға тырысады. Бұл спорттық жұп ретінде енді ғана танылып жатқан Жансая мен Әбіштің шеберлігін шыңдауға да таптырмас мүмкіндік», — дейді бас бапкер Құралай Узурова.

Айта кетейік, Загребтегі халықаралық турнир 2001 жылдан бері Олимпиадаға ұпай беретін турнир ретінде ISU бағдарламасына енген. 2014 жылдан бері «Челленджер» санатындағы жарысқа баланады. Қазақстандық Денис Тен 2009, 2014 және 2015 жылдары аталған турнирде үш мәрте жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізде болса, осыған дейін қазақстандық спортшылардың Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турниріне қатысатыны туралы жазған болатынбыз.

 inform.kz 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.