Футболдан Қазақстан Кубогының финалына кіру тегін болады | arainews.kz

Футболдан Қазақстан Кубогының финалына кіру тегін болады

265

24 қараша күні Астана қаласының «Астана Арена» стандионында футболдан Қазақстан Кубогының финалы өтеді.

Ел Кубогының ақтық сынында «Атырау» мен алматылық «Қайрат» командалары кездеседі. Матч елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының шешімімен ойынға кіру тегін болады. «Атырау» командасының жанкүйерлері үшін  «SE» секторы бөлінген. Ал «Қайрат» жанкүйерлері «NE» секторында орналасады.

Еске сала кетейік, бұл командалар ел Кубогының былтырғы жарысында кездесіп, ойын алматылықтардың жеңісімен (1:0) аяқталған. Қақпаға жалғыз соғылған доптың иесі — Жерар Гоу.

 inform.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.