КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

31

2018-2019 оқу жылында 48 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 62 мамандық бойынша 5024 орын мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 25,5% артып отыр. Жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың үлесі 18% артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес «Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасы облыстың 33 колледжінде іске асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 9 колледжге 11 мамандық бойынша 770 орын бөлінді.

Жаңа оқу жылынан бастап Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты білім мекемелерінің, жұмыс берушілер мен білім алушылардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған арнайы Ереже әзірленді. Ережеге сәйкес, бұрын тек колледждер мен студенттер арасында келісім-шарт жасалған болса, енді жұмыс берушілер – колледждер – аудан/қала әкімдері арасында үш жақты келісім-шарттар жасалады. Бұл арқылы жұмыс беруші оқу бітірген түлекті жұмысқа қабылдауға, тиісті жалақы төлеуге міндеттеледі және студент, шарт талаптарын бұзса, жұмсалған мемлекеттік қаржыны қайтаруға міндеттеледі. Сондай-ақ, аудан әкімдерінің мамандарға тапсырыс беруде, жауапкершілігін арттырады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.